«Тұмар-2025» ұлттық сыйлығының шорт-листі жарияланды


БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Тұмар-2025» ұлттық телевизиялық сыйлығының он бір номинациясы бойынша номинанттар анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Биыл байқауға қатысу үшін 11 номинация бойынша жетекші республикалық және өңірлік телеарналардан 300-ден астам өтінім келіп түсті. Шорт-листке 44 жұмыс енді.
Жеңімпаздар есімі 27 маусымда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында анықталатын болады. Жеңімпаздарға отандық телевизия саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы табысталады.
«Тұмар-2025» ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинанттары:
Ең үздік әлеуметтік тележоба:
• «Таза қала» – JIBEK JOLY телеарнасы;
• «Таза Қазақстан» – 24KZ телеарнасы;
• «Жақсылық жаса» – QAZAQSTAN TV телеарнасы;
• «Әке арманы» – АSTANA TV телеарнасы.
Жылдың ең үздік репортажы:
• «В гостях у кочевников» – МИР телеарнасы;
• «Алаяқтар балаларды қыруар қаржыға сан соқтырып жатыр» – ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы;
• «Театры выживают за счёт талантов» – Хабар телеарнасы;
• «Абадан» – ЖЕТІСУ телеарнасы.
Ең үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама:
• «Жетінші студия» – 7 арна;
• «Basty taqyryp» – ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы;
• «Әлем және біз» – QAZAQSTAN TV телеарнасы;
• «President» – 24KZ телеарнасы.
Ең үздік журналистік зерттеу:
• «АЭС және энергетикалық қауіпсіздік» – ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы;
• «По следам спасительного эшелона: как доставляли продовольствие в блокадный Ленинград из Казахстана?» – МИР телеарнасы;
• «Мүгедектігі бар жандар жұмысты қайдан табады?» – QYZYLORDA TV телеарнасы;
• «Тылсым тарих: Аштық қасіреті, Құмаршық қасиеті» – ATYRAÝ TV телеарнасы.
Жылдың ең үздік телехикаясы:
• «Күзде келген көктем» – Хабар телеарнасы;
• «Құтқару қызметі» – 7 арна;
• «12:00» – 31 арна;
• «111. JUZ ON BIR» – JIBEK JOLY телеарнасы.
Ең үздік деректі фильм:
• «Человек с острова Кулалы» – JIBEK JOLY телеарнасы;
• «Вандализммен күрес» – ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы;
• «Закладчики. Расплата» – QYZYLJAR телеарнасы;
• «Олимпийские свершения: казахстанские герои Парижа» – Хабар телеарнасы.
Ең үздік балалар тележобасы:
• «Дара бала» – BALAPAN телеарнасы;
• «Давай меняться» – ERTIS TV телеарнасы;
• «Түркістан сақшылары» – TURKISTAN TV телеарнасы;
• «Дарын» – QOSTANAI TV телеарнасы.
Ең үздік өңірлік арна:
77TV телеарнасы – Жамбыл облысы;
Saryarqa телеарнасы – Қарағанды облысы;
Caspian News телеарнасы – Атырау облысы;
ULYTAU телеарнасы – Ұлытау облысы.
Ең үздік тележурналист:
• Ақерке Бектас – QAZAQSTAN TV телеарнасы;
• Айнұр Иманғали – JIBEK JOLY телеарнасы;
• Аслан Қаженов – 24KZ телеарнасы;
• Әйгерім Пернебекова – ALMATY TV телеарнасы.
Ең үздік тележүргізуші:
• Оксана Петерс – 7 арна;
• Үмбетәлі Меймеш – ALMATY TV телеарнасы;
• Мөлдір Доспаева – Хабар телеарнасы;
• Вероника Вишневская – Еуразия бірінші арнасы.
Ең үздік спорттық комментатор:
• Жандос Айтбай – Хабар телеарнасы;
• Ерік Ерсін – QAZSPORT телеарнасы;
• Азамат Ашимов – ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы;
• Азамат Нұғыманов – QAZAQSTAN TV телеарнасы.
Айта кетейік, «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – қазақстандық телевизияның сапасын арттыру және дамыту, телевизиялық контент өндіру саласындағы дарынды мамандарды қолдау және үздіктерін марапаттау.



