00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шымкентте аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

Шымкентте аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды
фото: ElordaInfo

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е. Тіленшинге, әкімдіктің бас маманы А. Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А. Манатқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Elorda.info.

"Сотталушылар сөз байласу арқылы абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісім шартын орындау кезінде кәсіпкерден 60 млн теңге мөлшерінде пара алған, сонымен қатар зираттарды күтіп ұстауға бөлінген 28 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Олар 11, 10 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.