Үстірт қорығында сирек кездесетін итаю фотоға түсіп қалды
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері А.Пулатов Қазақстанның шектеулі аумағында ғана кездесетін сирек жыртқыш — итаюды (Mellivora capensis) фотоға түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, Итаю Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Үстіртте терең шатқалдарды, карстық қуыстарды, сайлар мен өсімдіктері әртүрлі учаскелерді, соның ішінде сексеуіл, баялыш және қараған өскен жерлерді мекендейді.
Бұл жануар негізінен ымырт пен түнде белсенді, бірақ қыста күндіз де аңғарылуы мүмкін. Итаю жылына бір рет көбейеді, ал суық күндерде қысқа мерзімді ұйқыға кетеді.
Қорық қызметкерлерінің жұмысы арқасында итаю сияқты сирек кездесетін жануарлар туралы жаңа деректер анықталуда. Бұл Үстірт қорығының биоалуантүрлілікті сақтау ісіндегі маңыздылығын көрсетеді.