СҚО-да салымшыларды алдаған құрылыс фирмасының басшылары сотталды

Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Солтүстік Қазақстан облыстық соты құрылыс компаниясының құрылтайшысы мен басшысына салымшыларды алдау бойынша атышулы іс бойынша шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлады Elorda.info.
Сотталғандар Петропавл қаласында салынып жатқан көпқабатты үйдің құрылысына ақша құйған салымшыларды алдап, қаржыны өз қажеттіліктерге жұмсаған.
«Мемлекеттік айыптау алаяқтардың облыс орталығының 48-ден астам тұрғынын алдап, 400 миллион теңгеден астам шығын келтірілгенін дәлелдеді. Сот үкімімен екі адам 6 жылға бостандығынан айырылылды», - деп көрсетті Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Ұқсас жаңалықтар

2 қыркүйек, 2025
Таразда құтқарушылар жаңа техника мен форма алды

2 қыркүйек, 2025
Қазақстанда 5,9 млн тонна астық жиналды

2 қыркүйек, 2025
ИКАО қазақстандық әуежайлар мен авиакомпаниялардың қауіпсіздігін тексереді

2 қыркүйек, 2025
Қазақстанға құны 150 миллион теңгеден асатын жүк көліктері заңсыз әкелінген