ШҚО-да есігі жоқ көлікті басқарған жастар жазаланды
18 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында жастардың ҚР Жол қозғалысы қағидаларын бұзу сәті кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың бейнеролигіне түсіп қалды,деп хабарлады Elorda.info
Жастардың бұл әрекеті кейіннен ғаламтор желісінде кеңінен тараған.
Зайсан қаласы көшелерінің біріндегі жастар алдыңғы және артқы есіктері жоқ көлікпен жүріп, өздері үшін де, айналасындағылар үшін де қауіпті жағдай туғызған. Осы сәт камера объективіне түсіп қалған. Артынан 20 жастағы жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды, - деп жазды облыстық ПД баспасөз қызметі.
ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
«Айқай» фильмі халықаралық фестивальде топ жарды
19 қыркүйек, 2024
Астанада құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
19 қыркүйек, 2024
«Ең бастысы – дұрыс таңдау жасау»: Ерлан Каналимов АЭС салуға қатысты пікір білдірді
19 қыркүйек, 2024
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында үздік промо-ролик түсірген мобилограф анықталды