Шығыс Қазақстанда жер сілкінді
Шығыс Қазақстанда жер сілкінді
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оның эпицентрі Ресей Федерациясында болған.
Риддер қаласының тұрғындары 2 баллдық жер дүмпуін сезді. Ғимараттар мен басқа да нысандардың қирауы туралы ақпарат жоқ.
«Алғашқы дүмпулерді сезінген сәттен бастап 15-20 секундта ғимараттан шығып үлгеріңіз. Егер сыртқа шыға алмасаңыз салыстырмалы түрде қауіпсіз орындарға, яғни ішкі қабырғаға, бұрышқа, ішкі қабырға саңылауына немесе тірек қабырғаға жақын тұрыңыз. Мүмкін болса, үстелдің астына жасырыңыз. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ болыңыз. Тербелістер аяқталғаннан кейін ғана ғимараттан шығу керек. Егер көшеде болсаңыз ашық кеңістікке, ғимараттардан, биік ағаштардан, электр желілерінен алыс тұрыңыз», - деп ескертті ШҚО ТЖД.