Семейде 28 жастағы келіншек 500 мың теңгесінен айырылды

Фото: Оңалхан Өнерхан
Семей тұрғыны диплом алмақ болып, 500 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Семей қаласында диплом сатамын деген сылтаумен алаяқтық жасаған жағдай анықталды. 49 жастағы жергілікті тұрғын 28 жастағы әйелдің сеніміне кіріп, оған медициналық колледждің дипломын сатамын деп уәде берген. Осы уәдемен ол жәбірленушіден 500 000 теңге алған. Кейін ол қаражатты жұмсап жіберген.
Осылайша жәбірленуші ақшасыз да, құжатсыз да қалды, ал күдіктіге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады», - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 21:03
Республикалық маңызы бар автожолдарда қанша электрқуаттау станциясы бар

Бүгін, 20:08
Мал ұрлығының алдын алу үшін не істеу керек

Бүгін, 19:15
ҚР Қарулы күштері Мәскеуде «Спасск мұнарасы» фестивалінде өнер көрсетеді

Бүгін, 16:12
Венгриялық компания елімізде бал өндіру зауытын салуды жоспарлап отыр