Саябек Сахиев: Референдумда дауыс беру – әрбір қазақстандық үшін маңызды қадам
Қазақстанның Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, «Ядролық физика институты» РМК директоры Саябек Сахиев атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыхалықтық дауыс беруге қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өз дауысын ол №158 учаскеде, Астана халықаралық университетінің ғимаратында берді.
«Шынын айтқанда, біздің мақсатымыз – заманауи әрі әділ мемлекет құру. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстан ұғымы туралы айтқанда, Әділетті Қазақстанды меңзейтінімізді атап өтті. Бұған дейінгі барлық референдумдар Конституция мен конституциялық заңдарға өзгерістер енгізуге арналған болатын. Бүгін халықтың пікіріне құлақ асатын елде маңызды референдум өтіп жатыр. Тәуелсіздік – бұл жай ғана сөз емес, бұл негізгі қағидаттар жиынтығы, олардың бірі – энергетикалық қауіпсіздік. Референдумға қатысып, дауыс беру – әрбір қазақстандық үшін маңызды қадам. Бұл бізге керек пе? Шешімді әркім өзі қабылдайды», - дейді Саябек Сахиев.
Шынар Хамитова