Сарбаздар жарақат алған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті

Сарбаздар  жарақат алған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның  5514 әскери бөлімінің сарбаздары Талдықорған қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде аяғы тайып кетіп, құлап қалған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оқиға кешкі сағат 19.25 шамасында болған. Қала тыныштығын қадағалап жүрген әскери жасақ бастығы қатардағы Бақытбек Исаев және патрульдеуші қатардағы Айдын Мәдібек пен Бақытжан Ерман жолда келе жатып құлап қалған әйелді көріп, бірден көмекке асығады. Радиостанция арқылы дереу жасақ кезекшісіне жағдайды баяндап, жедел жәрдем шақыртуын сұрайды. Көмекке асыққан ұландықтар оқиға онына келіп, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

«Біз өзімізге бекітілген ауданды қадағалау барысында Шевченко көшесінің бойында аяғы тайып, құлап қалған азаматшаны байқадық. Дереу сол жерге барып, алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Басындағы жарақатын қажетті медицина заттарымен таңып, ыңғайлы жерге отырғыздық», - деді Бақытбек Исаев.