00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Салмағы 6 келіден асатын алып нәресте дүниеге келді

25 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Салмағы 6 келіден асатын алып нәресте дүниеге келді
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте салмағы 6 келіден асатын алып нәресте дүниеге келді, деп хабарлады Elorda.info.

Inform.kz жазуынша, сәбидің салмағы 6 келі 50 грамды құраған. Ал бойы 63 см. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Бес күн перзентханада жатқан олар, үйлеріне шықты. Дегенмен, дәрігерлер бақылауды үзген жоқ.

Шымкент қалалық перзентханасында тәулігіне 30-35 нәресте өмірге келеді. Сондай арпалыс күндердің бірінде жедел жәрдем қызметкерлері жүкті келіншекті алып келді. Оның жүктілігі 39 апта екен. Тексеру барысында іштегі баланың салмағы үлкен екендігін анықтадық. Содан дәрігерлер кеңесе келе ота жасадық. Барлығы сәтті өтті, - дейді Шымкент қалалық перзентханасының акушер-гинеколог дәрігері Жарқын Данияров.