00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Референдум немесе күштеп басып алу»: ШҚО-ны Қазақстаннан бөліп алуға үгіттегендерге үкім шықты

11 маусым, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
«Референдум немесе күштеп басып алу»: ШҚО-ны Қазақстаннан бөліп алуға үгіттегендерге үкім шықты
Жоғарғы сот

Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жазбалар мен үгіт-насихаттары үшін сотталды, деп хабарлады Elorda.info Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Олар 2024 жылдың ақпан айында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажет деген ойларын айтқан. Сондай-ақ, референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттаған.  Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді.

«Мемлекеттік айыптаушы олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Заңды күшіне енген сот үкімімен жоғарыда аталған тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.  Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мәселелері құқық қорғау және арнайы органдардың ерекше бақылауында», - деп көрсетті Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.