00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Полицейлер бомба туралы жалған хабар таратқан күдіктіні ұстады

Полицейлер  бомба туралы жалған хабар таратқан күдіктіні ұстады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ақтауда полиция бомба туралы жалған хабар таратқан күдіктіні ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«16 қаңтар сағат 04:15 шамасында полицияға Ақтау қаласының 33-шағын ауданында орналасқан №33 мектепте бомба қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына дереу жеткен облыстық полиция департаментінің кинологтары мен полиция қызметкерлері мектеп ғимараты мен оның айналасын мұқият тексеріп, қауіпті заттардың бар-жоғын анықтады. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмады», - деп жазылған хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 30 жастағы бұрын бірнеше рет сотталған күдікті ұсталды.

«Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.