Полицейлер 85 млн теңге қарызы бар жүргізушіні анықтады

Фото: Оңалхан Өнерхан
Түркістан облысында 85 млн теңге қарызы бар көлік жүргізуші анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы Lexus көлігіне қатысты белгі алды. Бұл көліктің иесі қомақты мөлшерде қарызын төлемеген болып шықты.
Полиция қызметкерлері көлікті Шымкент – Самара тасжолында тоқтатып, жүргізушінің қаржы ұйымына 85 миллион теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады, - делінген хабарламада.
Көлік айыптұраққа қойылды. Полицейлер жүргізушіге қарызды уақытында төлеу қажеттігін түсіндірді.
Ұқсас жаңалықтар

12 қыркүйек, 2025
Гір көтеру спортынан үш дүркін әлем чемпионы әскерде борышын өтеп жүр

12 қыркүйек, 2025
Қазақстан бейбітсүйгіштік рейтингі бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында

11 қыркүйек, 2025
Абай облысында жыл басынан бері қос азаматтық үшін 15 адам жауапқа тартылды

11 қыркүйек, 2025
Маңғыстауда мұнай-газ саласындағы бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды