«Таза Қазақстан»: елордада күзгі көгалдандыру жұмыстары басталды
Фото: «Байқоңыр» ауданы әкімдігінен
Астаналық «Байқоңыр» ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында күзгі көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бүгін Ж.Тәшенев көшесінің бойындағы гүлзарда ағаш отырғызу бойынша ауқымды шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 100 түп ірі қарағай мен 30 түп қайың отырғызылды.

Акцияға 100-ге жуық адам қатысып, елорданың экологиясына өз үлестерін қосты.
Олардың қатарында Ұлттық ұланның сарбаздары, аудан тұрғындары және аппарат қызметкерлері болды.

Іс-шараның басты мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл желектер санын арттыру және тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақыру.
Аталған күзгі көгалдандыру жұмыстары маусым соңына дейін белсенді жалғасатын болады.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 07:31
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
29 қазан, 2025
14,6 мың шетел азаматы: жұмыс күшінің басым бөлігі қайдан келеді
29 қазан, 2025
Үркерде жыл соңына дейін тағы екі мектеп, ал келесі жылы жаңа балабақша ашылады - Жеңіс Қасымбек
29 қазан, 2025
Терезені сындырып, жұртты шошытты: Астанада қоғамдық тәртіпті бұзғандар жазаланды
