00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Полицейлер мұғалімдер мен дәрігерлерді сақтыққа шақырды

Полицейлер мұғалімдер мен дәрігерлерді сақтыққа шақырды
Оңалхан Оңерхан

Батыс Қазақстан облысының полицейлері мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты алаяқтық фактілерінің көбейіп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info полицияға сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, соңғы уақытта интернет-алаяқтар тарапынан оқу орнының оқытушыларына және дәрігерлерге қатысты қол сұғушылық фактілері жиілеп кеткен.

Қылмыскерлер ұйым басшысының фотосуретін WhatsApp және Telegram қосымшаларына алдын ала салып қояды да, кейін олардың атынан осы ұйымның қызметкеріне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оған қоңырау шалатынын және нұсқаулықтың талаптарын орындау қажет екенін жазады, - делінген полиция хабарламасында.

Полицейлердің айтуынша, осыдан кейін қылмыскерлер «құрбандарына» қоңырау шалып, өзін «ҰҚК қызметкерімін» деп таныстырып, террористік қызметті қаржыландыру бойынша банктік операциялар жүргізіліп жатқаны туралы айтып, оны жаңылыстырады. Жалған құжаттар пайдаланады. Жәбірленушінің сол сәтте қобалжып тұрғанын пайдаланып, олар алдын ала дайындалған өздері үшін қауіпсіз есепшотқа жәбірленушінің шоттарындағы немесе оның несиеге алған ақшасын аудару керек екенін айтады. Сонан соң олар ақшаны иемденіп алады.

Құрметті азаматтар, есіңізде болсын! Банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері сізге ешқашан қоңырау шалып, несие беруді немесе кез келген шотқа ақша аударуды ұсынбайды. Олар – алаяқтар. Мұндай жағдайда телефонды қойып, полицияға хабарласуыңыз керек, - деді полицейлер.