Отандық әуекомпания Ресейге ұшатын жолаушыларға үндеу жасады


VietJet Qazaqstan әуекомпаниясы Ресейге ұшатын жолаушыларға үндеу жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Компания мәліметінше, 30 маусымнан бастап Ресей Федерациясына шетел азаматтарының, оның ішінде Қазақстан азаматтарының кіру тәртібі өзгереді.
«Биометриялық деректерді (саусақ іздері мен бет бейнесін түсіру) жинау барлық шекаралық бақылау пунктінде міндетті болады. Екі ел арасында визасыз режим болғанымен, шетел азаматтары Ресейге кіру үшін алдын ала тіркеліп, ЕСИА жүйесінде өтініш беруі, сондай-ақ мобильді қосымша арқылы кіру ниеті туралы хабарлауы қажет. Бұл өзгерістер Ресей үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №1510 қаулысына сәйкес, кіру мен шығу үдерістерін жетілдіруге бағытталған пилоттық жобаның екінші кезеңі аясында енгізіледі»,- делінген хабарламада.
Назар аударыңыз:
• Биометриялық рәсімдер мен тіркеуден уақытылы өту үшін әуежайға кемінде 3 сағат бұрын келу ұсынылады.
• Анкетаны ұшуға 72 сағат қалғанда мемлекеттік қызметтер порталының мобильді қосымшасы арқылы толтыру қажет.



