Отандық әуе компаниялар жолаушыларды БАӘ мен Қатардан елге жеткізеді

Бүгін, 12:58
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Отандық әуе компаниялар жолаушыларды БАӘ мен Қатардан елге жеткізеді
Фото: Көлік министрлігінен

Бүгін SCAT және Air Astana әуе компаниялары Дубай мен Доха қалаларынан Алматы мен Астанаға 6 рейс орындайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Таяу Шығысқа ұшулар әлі де алты мемлекеттің (Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливан) әуе кеңістігін айналып өту арқылы жүзеге асырылуда.

Мәселен, Air Astana 25 маусымнан бастап Дубайдан Алматы мен Астанаға, сондай-ақ Дохадан Алматыға ұшатын әуе рейстерін қайта іске қосты. Бүгінгі күнге дейін шегеріліп келген рейстердің жолаушыларын елге қайтару үшін қосымша репатриациялық рейстер де ұйымдастырылады, - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

SCAT әуе компаниясы азаматтарды Катар елінен Қазақстанға шығара бастады. «Доха-Алматы» рейсі бүгін Катар уақытымен сағат 07:35-те орындалды. Бортта 213 жолаушы болды. Сондай-ақ бүгін «Доха-Астана» рейсі орындалады. Борт Дохадан Катардың жергілікті уақытымен сағат 14:30-да ұшады деп жоспарланған. Жолаушылардың саны – 290 адам.

Азаматтарды әкетуге арналған келесі жоспарланған чартерлік рейстер:

27.06.25 Доха-Астана;
29.06.25 Доха-Алматы.