Астаналық 50 студент ауылға барып жұмыс істейді
Елордалық 50 студент көктемгі егіс жұмыстарына орай шаруа қожалықтарға барып, жұмыс істейтін болды, деп хабарлады Elorda.info.
Студенттер сол жерде, ең бірінші, көктемгі егін егу жұмысы, жазғы күні мал азығын дайындау, күзгі егін ору процесіне қатысады. Сонда бүкіл технологиялық процеске қатысып, өздерінің теориялық білімдерін өндірістіr тәжірибеде шыңдап жақсы инженер болып шығады деп сенеміз, - деді С.Сейфуллин атындағы ҚАЗАТУ техникалық факультет деканы Ержан Ахметов.
«Агроинженерия» саласында білім алып жатқан жастар осылайша теория мен тәжірибені ұштастырады, деп жазады Хабар24.
Әрі ұмыт қалған ескі дәстүрді жалғастырып, дала жұмыстарын дәріптеуді жоспарлап отыр. Оқытушылардың айтуынша, бұл бастама арқылы студенттер жаңа технологиямен танысып, тың тәсілдерді игереді. Тиісінше, кейін жұмысқа орналасуы да оңай болады. Биыл 50 студент Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарына барып, жұмыс істейді. Алдағы уақытта жасақ құрамын арттыру жоспарда бар. Жастар жатын орынмен және үш мезгіл тамақпен қамтылады.
Біз осы жақтағы теориялық білімдерімізді сол жақта практикада қолдану арқылы білімізді шыңдай отырып, жаңа технологияны, сол жерде жұмыс істейтін мамандардан тәжірибе алып, білімімізді шыңдаймыз деп ойлаймын. Дәл қазір егін егу алдындағы техникалық даярлыққа барамыз. Бізден кейін баратын топ егін егуге барады, - деді студент Нұртілеу Бейбітхан.