00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Нарықтағы тауарлар таңбалау және стандарттар талаптарына сәйкес келмейді – Нұрғали Қуандықұлы

14 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Нарықтағы тауарлар таңбалау және стандарттар талаптарына сәйкес келмейді – Нұрғали Қуандықұлы
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиев брифингте мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Нұрғали Қуандықұлының айтуынша, нарықтағы тауарлардың едәуір бөлігі таңбалау және стандарттар талаптарына сәйкес келмейді. Зерттеу барысында тауарлардың шамамен 37%-ында таңбалау нормалары бұзылғаны анықталған. Мысалы, құрамы, өндіруші және сақтау мерзімі туралы толық мәліметтер жоқ. Бұл еліміздің «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының талаптарын бұзады. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өндірушілер мен дистрибьюторларды стандарттарды қатаң сақтауға шақырды.

«Құпия сатып алушы» әдісімен жүргізілген зерттеулер нарықта қолдан жасалған өнімдерді, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарларды және құрамында белгіленбеген ингредиенттер бар жағдайларды анықтады. Атап айтқанда, кейбір азық-түлік өнімдерінде шошқа мен тауықтың ДНҚ-сы табылып, азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылаудың маңыздылығын көрсетті, - деді Н.Қуандықұлы.

Жоба аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы кедергілер анықталды: шағым беру үшін фискалды чек талап етіледі, ал онлайн төлемдердің фотосуреттері немесе скриншоттары секілді басқа сатып алу дәлелдері әрдайым қабылдана бермейді. Бұл шағым беру процесін қиындатып, заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді. Қазақстандағы тұтынушылық нарықтың қауіпсіздігі мен ашықтығын арттыру мақсатында мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, нәтижелі жұмыс жалғасын таппақ.