Министр Светлана Жақыпова азаматтарды қабылдады

Фото: Астана полиция департаментінен
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген азаматтардың мәселелерін қарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қабылдауға келген азаматтар министрге мүгедектік тобын белгілеу, өз ісін дамыту үшін мемлекеттік гранттар алу, еңбек құқықтарын сақтау және т.б. мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.
Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:56
Қылмыстық істердің 90% электрондық форматта тергеп-тексеріліп жатыр

Бүгін, 13:31
Орталық Азия елдері өңірдегі су мәселелерін шешудегі Қазақстанның рөлін жоғары бағалады

Бүгін, 10:28
Биыл 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бүгін, 09:31
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді