00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Мен – Отан қорғаушымын» фотобайқауы жарияланды

«Мен – Отан қорғаушымын» фотобайқауы жарияланды
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

 Ішкі істер министрлігінің  Ұлттық ұланы  «Мен – Отан қорғаушымын!» фотобайқау жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Аталмыш байқау әскери қызметшілердің отбасыларының беделін арттыру, қоғам мен Ұлттық ұланда отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-аналардың балаларға деген қамқорлығын, балалардың үлкендерге деген құрметін күшейту, некенің беріктігін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.  Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Байқауға Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен ардагерлерінің 3 жастан 10 жасқа дейінгі балалары қатыса алады. Үміткерлер ұйымдастыру комиссиясына әскери киімде түскен фотосуреттерін ұсынуы керек. Фотосуреттер 3 маусымға дейін қабылданады.

Дауыс беру Ұлттық ұланның «Instagram»-дағы National_guard_kaz ресми парақшасында өтеді.

Жеңімпаздар «Ұнату» белгілерінің саны бойынша анықталып, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады.