00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Маймыл шешегі: ДДСҰ төтенше жағдай жариялады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Маймыл шешегі: ДДСҰ төтенше жағдай жариялады
Фото: ашық дереккөз

Жақында Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) аурудың өршуіне байланысты денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жариялады, деп хабарлады Elorda.info РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Төтенше жағдайлар комитеті жиналып, маған бұл халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай екенін айтты. Мен бұл кеңесті қабылдадым», - деді Тедрос Гебрейесус.

ДДСҰ басшысы өткен жылы маймыл шешегінің тіркелген жағдайларының саны едәуір артқанын айтты. Ал биыл 14 мыңнан астам жағдай тіркеліп, олардың 524-і өлімге әкелген, осылайша көрсеткіш өткен жылдан да асып түскен.

«Конго ДР шығысында маймыл шешегінің жаңа түрінің тез таралуы, оның көрші елдерде табылуы және Африка мен одан тыс жерлерде таралу мүмкіндігі үлкен алаңдаушылық туғызады», - дейді Гебрейесус.

Ол мәселені шешу үшін үйлестірілген шаралар қажет екенін айтты.