00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Майқайың кентінде су құбырынан ақау анықталды

21 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Майқайың кентінде су құбырынан ақау анықталды
коллаж Elorda.info

Майқайың кентінде су құбырынан ақау анықталды

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 ақпанда Баянауыл ауданының Майқайың кентіне диаметрі 1020 мм суық сумен жабдықтау құбырында ақау анықталды. Орын алған ақаудың учаскесі «Екібастұз қалалық су арнасы» МКК екінші көтергіш сорғысынан 27 км қашықтықта орналасқан.

Жағдайға байланысты жедел штаб құрылды. Оқиға орнына аймақ басшысы Асайын Байханов, Екібастұз қаласының және Баянауыл ауданының әкімі, сондай-ақ, облыстық ТЖД басшысы келді. 

Екібастұз қалалық су арнасы» МКК ақаудың себебін анықтау және жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстарына 30 адам және 10 мамандандырылған техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, сол жерде Павлодар облысы ТЖД және «Майқайың-Алтын» АҚ мамандары жұмыс істеуде,– деді облыс әкімдігі өкілдері. 

Майқайың кентінің су тұтынушылары тіршілік көзінен ажыратылған жоқ. Сумен жабдықтау төмен қысымда жүргізілуде.