МАГАТЭ: Атом энергетикасын дамытуды жеделдету керек
Атом электр станцияларын салу және пайдалану кезінде халықаралық атом энергиясы агенттігінің қандай қауіпсіздік стандарттарын сақтау керек және агенттік бұл процесте мүше елдерді қалай қолдайды? Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси Венадағы МАГАТЭ штаб-пәтерінде 24KZ телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әлемдегі «жасыл» экономиканың дамуында атом энергетикасының рөлі қандай?
Бәріміз білетіндей, қазір әлем бойынша экономиканың тұрақты дамуына қажет энергияны алу мақсатында әртүрлі ел қолданатын тәсілдерге қатысты жаһандық проблема бар. Климаттың өзгеру белгілерінің, жаһандық жылынудының, атмосфераға СО2 шығарындыларының теріс әсеріне көптен куәміз. Әрине, мемлекеттердің осы шығарындыларды азайту, шектеу мақсатындағы құралдар мен әрекеттерді, сондай-ақ, қазір өмір сүруге қажет энергия өндірудің жолдарын іздеп жатқаны ешкімге тосын жағдай емес. Бұл, әрине, климаттың өзгеруі туралы халықаралық конвенция және басқа да халықаралық деңгейдегі біріккен еңбек арқылы жүзеге асырылатын бірқатар стратегиялар мен халықаралық мәлімдемелерге алып келді. Көмірқышқыл газының атмосфераға зиян шығарындыларын декарбонизациялауға және айтарлықтай азайтуға қол жеткізу үшін бізге атом энергиясы қажет екені ғылыми дәлелденгенін атап өткім келеді. Мемлекеттер өндірілетін энергия түрлерінің тиімді әрі тұрақты комбинациясын іздеп жатқанын көріп жүрміз. Бұл интеграцияланған аралас энергетикалық жүйелерде атом энергиясының рөлі өте маңызды. Климат өзгеруінің жаһандық көрінісі әр елдің мақсатына жету жолдарынының қажеті мен мүмкіндігіне, жеке бағалау көрсеткіштеріне байланысты 2030 немесе 2050 жылдарға қарай декарбонизацияға қол жеткізу үшін маңызды екенін көрсетеді. Біз мұны Солтүстік Америка, Еуропа және Азия, Латын Америкасы мысалында көріп отырмыз, тіпті Африканың өзі Египет пен Оңтүстік Африкада маңызды жобаларды жүзеге асырып отыр. Тіпті гольф елдерінің өзі осыған ақырындап келе жатыр, ал бұл, ескеріңіз, мұнай мен газдың осынша үлкен қоры барына қарамастан атом энергиясын дамыту жолдарын іздейтіні еш ойға кіріп шықпайтын елдер. Халықаралық проблема бар, кейбіреулер мұны дағдарыс деп те атап жүр. Біз қоршаған ортаға зияны аз, «жасыл» атаулы, таза энергияны іздеуіміз керек.
Қазақстанның ядролық энергетиканы дамыту жөніндегі және декарбонизациялау жөніндегі жоспарларын қалай бағалайсыз?
МАГАТЭ Қазақстанмен бұрыннан жұмыс істеп келеді. Қазақстан Кеңес заманында, ядролық энергетикасы бар және оны тұтынатын елдің бір бөлігі болды. Бұл факттің маңызын жоққа шығара алмаймыз, себебі технологиялық база құрылды, нәтижесінде қазір Қазақстанда технологияларды жақсы білетін, жақсы пайдаланатын тәжірибелі мамандар көп. Бірақ қазір сіздің елде атом энергиясының өзіндік өндірісі жоқ. Есесіне атом энергетикасы саласында жаңа жоба бар. Мен сіздердің Президенттеріңізбен кездесіп, осыны талқылайтын мүмкіндік пен құрметке ие болдым. МАГАТЭ Қазақстанға консультация өткізді деп айта аламын, себебі бізде сіздің елді ілгері дамыту мақсатындағы ядролық, институциялық және нормативтік инфрақұрылымды анықтау және талдау миссиясы болды. Биыл да біз қазақстандық ядролық өндірушілермен ынтымақтастық орнатып, түрлі тренингтер мен кездесулер форматында жұмыс істеп жатырмыз, бұл арқылы біз осы жоба бойынша оң шешім қабылданған жағдайда Қазақстанның атом энергиясын өндіруді жүзеге асыру жөніндегі күш-жігерін қолдауға дайындалып жатырмыз.
МАГАТЭ сіздің ұйымыңызға мүше елдерге атом энергетикасы инфрақұрылымын дамытуға қалай көмектеседі?
Жолдары, әдіс-тәсілдері әртүрлі: ұйымға мүше елдің өзіне, оған тән қасиеттері мен мүмкіндіктеріне байланысты. Біз жалпы консультациямен қамтамасыз етіп, арнайы тренингтер өткіземіз. «Milestones» деп аталатын құрылымдық әдістемелік тәсілге сүйеніп жасалған бағдарламамыз бар. Ол қандай да бір ел атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдаған сәттен бастап, тіпті құрылысы басталмай жатып сақтауға міндеттелетін 19 түрлі кезеңнен тұрады. Бұл алғашқы шешімді саяси деңгейден бастап атом электр станцияларын пайдалануға бергенге дейін, бүкіл кезеңдердің траекториясы арқылы жеткізу үшін көптеген салаларда жасалуы керек қадамдар, шаралар, шешімдер мен әрекеттер. Біз мұндай модельді Біріккен Араб Әмірліктерінде сәтті қолдандық. Атом энергетикасында еш тәжірибесі жоқ бұл мемлекет 10 жылдан аз уақыт ішінде төрт атом электр станциясын салып үлгерді. Енді қазір соның арқасында БАӘ елдегі бүкіл электр энергиясының 25% өндіреді.
Агенттік Қазақстанның алғашқы атом электр станциясын салу және пайдалану жөніндегі жоспарларын қалай қолдап отыр?
МАГАТЭ сіздің еліңіздегі инфрақұрылымды бағалау процесін бастап кетті. Біздің мамандар мен сарапшылар Қазақстан өз атом бағдарламасын іске қосуына қажет іргетасқа ие екенін анықтаған қорытынды есеп алды. Біз, сондай-ақ, елдегі қауіпсіздік стандарттарының қолданылу барысын талдап, оң көзқарасқа келдік. Ендігі кезекте Қазақстан өзінің осы бағытта дамығысы келетін я келмейтінін шешуі керек. Бұл жаңа кезеңге жол ашады: қандай технологияны таңдайсыздар, атом станциясының өлшемі қандай болады дегендей. Бұл қабылдануға тиісті өте ауқымды шешімдер. Ал олар, өз кезегінде, біз көрсететін қолдау түріне ықпал етеді. Оның үстіне, сіздерде атомдық бағдарламаларын жаңа бастаған басқа елдерге қарағанда тәжірибе көбірек. Сіздің елде тарихи тұрғыда осы саламен байланыс бар. Қазір Қазақстанда нарықта уран жеткізілімінің жетіспеушілігі немесе қажеттілігі жағдайында пайдаланылуы мүмкін төмен байытылған уран банкі бар. Жалпы, шешім қабылданған жағдайда Қазақстан өз тәжірибесінен пайда көреді. Бұл тәжірибе процесті басқа елдерге қарағанда үйлесімді және жылдам ету үшін қажет.
Атом электр станцияларын салу мен пайдалануда мемлекеттер қандай қауіпсіздік және физикалық қауіпсіздік стандарттарын ұстануы керек?
Атом ғылымы, технологиялары және оны қолдану тәсілдері – бұл қоршаған ортаны, жұмысшы кадрларды және қоғамды қорғау үшін көптеген арнайы шараларды қажет ететін қызмет. Ядролық қызметтің тікелей тәуекелдерге қатысы аз, бірақ атом электр станцияларыңыз пайда болған сәттен бастап еліңізге көптеген ядролық материалдар жеткізіледі, оның ішінде станцияны қуаттандыратын төмен байытылған уран да бар. Соны қорғау керек. МАГАТЭ-ге кіретін елдер де, кірмейтіндері де жаһандық деңгейде қаншама жылдар бойы осы мақсатта жұмыс істеп келеді. 70 жылдан астам уақыт бойы біз бүкіл әлем бойынша коммерциялық ядролық қызметпен айналысып келеміз. Осы уақыт ішінде біз қауіпсіздік стандарттары, электр станцияларын пайдалану, ядролық қалдықтарды басқару және ядролық материалдарды тасымалдау бойынша қаншама кездесулер мен комитеттер өткіздік. АЭС пайдалану жөніндегі қызметтің әрбір түрі объектілерде физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өте қатаң қауіпсіздік стандарттары мен ұсынымдарға ұшырайды.
Мысалы, Германия сияқты көптеген елдер қазір өздерінің атом электр станцияларын жауып жатыр. Бұл жалпы Еуропалық одақтың энергетикалық дамуына қалай әсер етуі мүмкін?
Германия – кейінгі кезде мұндай шешімге келген санаулы елдердің бірі. Бұл неміс үкіметі қабылдаған заңды шешім болды. Біраз басқа елдер де Германияның үлгісіне ергісі келді, алайда көзқарастарын өзгертті. Неге? Себебі қолжетімді технологиялар мен қолданыстағы қауіпсіздік стандарттарын байыппен бағалау жұмыстары қайта жүргізілді. Жаңа айтып өткенімдей, жаһандық жылыну, климаттың өзгеруі сияқты мәселелер мен оларды шешу жолдары ядролық энергияға деген қызығушылықты одан әрі арттырды. Атом энергиясы технологиялардың бірі ретінде жаңартылған қуат көздерімен қатар "ЕО таксономиясының" құрамына енді. Бұл жүйенің маңызы зор әрі қолданыстағы басқа технологиялармен салыстырғанда аса бір айырмашылық жасайтын проблемалар тудырмайды, сондықтан да мемлекеттерді қаржылық та, институциялық та жағынан қолдауға құқылы. Менің ойымша, бұл өте маңызды. Былтырғы желтоқсан айында өткен соңғы конференцияда климаттың өзгеруі туралы Конвенцияда атом энергетикасын дамытуды жеделдету керек деген халықаралық консенсусқа қол жеткізілді. Қабылдау немесе рұқсат ету ғана емес, сонымен қатар жеделдету керек делінді – жаңартылған энергия дамуымен бір деңгейде өрбуі керек. Менің ойымша, жалпы энергия ландшафтының бір бөлігі саналатын атом энергетикасының әлем бойынша өсуі және осыған қатысты тенденцияның бәрі Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін атом энергиясын пайдаланатын елдердің отбасына қосылудан артық тиімді ұсыныс жоқ екенін көрсетеді.