Ұлттық ұланның 1700-ден астам әскери қызметшісі марапатталды
Ұлттық ұланның 1700-ден астам әскери қызметшісі марапатталды, деп хабарлады Elorda.info баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ оларға төсбелгілер мен алғыс хаттар табыс етілді.
Бүгінгі таңда біз маңызды мемлекеттік объектілерді күзету үшін жаңа бөлімшелер құрамыз. Сондай-ақ кадрларды даярлау, жауынгерлік дайындықпен айналысу және Отанымызды қорғауға әрқашан дайын болуымыз керек, - деді Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов.
Іс-шара соңы мерекелік концертке жалғасты.
Барша қазақстандықтарды Отан Қорғаушылар күнімен – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 31 жылдығымен және Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін табыс тілейміз, - деп жазылған Ұлттық ұланның баспасөз хабарламасында.