00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлихан Смайылов өртті ерте анықтау жүйесін белсенді түрде енгізуді тапсырды

16 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлихан Смайылов өртті ерте анықтау жүйесін белсенді түрде енгізуді тапсырды
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Өрт көп жағдайда адамдардың кінәсінен орын алады. Тіпті, елді мекендерге іргелес аумақтар мен алқаптардан басталған өрт тұрғын үйлерге ауысып, адамдардың өміріне қауіп төндіруде. Биыл осындай 14 жағдай тіркелді. Бұл – бірінші кезекте, өрт қауіпсіздігіне жауапты уәкілетті органдар мен жедел әрекет етуі тиіс төтенше жағдай қызметтері мен әкімдіктердің жұмысындағы кемшілік. Сондықтан, өрттен қорғайтын белдеулерді жырту, іргелес аумақтарды қураған шөптерден тазарту сияқты жұмыстарды тез арада жүргізу керек. Табиғи өрттерді ерте анықтау жүйелерін белсенді енгізу қажет, - деді Премьер-министр.