00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлихан Смайылов: Мақсатымыз – инфляцияны 2 есе төмендету

25 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлихан Смайылов: Мақсатымыз – инфляцияны 2 есе төмендету
Фото: Үкімет сайтынан

Біздің негізгі мақсатымыз – жыл соңына дейін инфляцияны 2 есе төмендету. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Азық-түлік инфляциясы кейбір әкімдіктердің тиімсіз жұмысын көрсетіп отыр. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ке өскен, оның ішінде Ақтөбеде, Өскеменде, Семейде, Қызылордада – 0,2%-тен жоғары болды, - деді Әлихан Смайылов.

Отандық тауарлардың үлесін арттыру мәселесі айтылды

Осыған байланысты мына мәселелерге назар аудару қажет. Бірінші. Өңір әкімдіктері    әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасына мониторингті күшейтуі қажет. Әсіресе,    үстеме бағалардың тиісті 15%-тік мөлшерден асып кетпеуін қадағалау керек. Әкімдіктерде бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар. Біз ішкі нарықтағы отандық тауарлардың үлесін ұлғайтуға күш салуымыз қажет. Сонымен қатар, тауарларды сақтау және тасымалдау ісіне қолдау көрсетуге тиіспіз. Халық қабылданып жатқан шаралардың нақты нәтижесін көруі керек, - деді Үкімет басшысы.