00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұландықтар тұрғындарға жоғалған телефондарын тауып берді

12 қыркүйек, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Ұландықтар тұрғындарға жоғалған телефондарын тауып берді
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның Шымкент жедел құрамасының әскери жасағы қызмет атқару кезінде қала тұрғындарына жоғалған телефондарын қайтарып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«11 қыркүйек күні сағат 20.35 шамасында Түркістан ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару барысында әскери жасақ бастығы ефрейтор Рамиль Нұрмағамбетов, патрульші сарбаздар Нұрбахыт Арысбеков, Александр Карташовпен және Әли Әйтімовпен «Honor» маркалы ұялы телефон тауып алады», - деп жазылған Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Олжа туралы әскери жасақ бойынша кезекшіге хабарлайды.  Сарбаздар смартфон иесін анықтап, растығына көз жеткізіп табыстайды. Ол өз кезегінде ұландықтарға адал қызметтері үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ осы күні сағат 21.50 шамасында әскери жасақ бастығы ефрейтор Нұрасыл Долдаш, патрульдер Ержан Санабекұлы мен Берекет Кемалов патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде жерден «IPhone 14» маркалы телефон табады.

«Гаджетті тапқаннан кейін дереу патрульдік топтың бастығына хабарладық. Базаның көмегімен телефон иесіне қоңырау шалып, қуанышты хабарды жеткіздік. Көп ұзамай оған мобильді құрылғысы қайтарып берілді», - деді әскери жасақ бастығы.

Ал өз кезегінде бойжеткен қырағылық танытқаны үшін әскери жасаққа ризашылық білдірді.