Қостанай облысында 70 шетел азаматы құтқарылды
1 шілде, 2024
Торғын Аман
коллаж Еlordaqparat
Бүгін «Жезқазған – Петропавл» автожолында ақау шыққан автобустан Тәжікстан Республикасының 70 азаматы эвакуацияланды, деп хабарлады Elorda.info.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Арқалық қаласынан 18 шақырым жерде шетелдіктер мінген автобус бұзылып, жол бойында тұрып қалған.
«Құтқарылғандар Арқалық қаласының автостанциясына жеткізілді. Автобустың ақауы жойылғаннан кейін шетелдіктер сапарын жалғастырады. Жолаушыларға медициналық көмек қажет емес», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар