Үкімет басшысы ауылды дамытуға инвестор тартуды тапсырды
25 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметінен
Премьер-министр Әлихан Смайылов ауылдық аумақтарды дамыту үшін жеке инвестицияларды тарту жұмысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ Үкімет басшысы ауылдық аумақтарды дамытудың 2027 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын сапалы әрі уақытында іске асыру керектігін айтты. Өйткені бұл жоба – ауыл инфрақұрылымын дамыту бойынша басты құралдардың бірі.
Сондай-ақ Премьер аймақтарға бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын қадағалау керектігін ескертті.
Өңірлерде қаражатты тиімді пайдалану өте маңызды. Бір ауданда бірнеше жоба іске асырылып, басқа ауданда бірде-бір жоба жүзеге асырылмайтын жағдайлар болмауы керек, — деді Әлихан Смайылов.
Ұқсас жаңалықтар