Киберқауіпсіздік: Министрлік интернеттегі сақтық шараларын еске салды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі желідегі киберқауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Төменде көрсетілген нұсқауларды орындау деректерді қорғауға және қаржылық тәуекелдерді болдырмауға көмектеседі.
1. Әр түрлі аккаунттар үшін күрделі және бірегей парольдерді пайдалану.
2. Құрылғылардағы бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отыру.
3. Күмәнді сілтемелер мен хабарламаларды ашпау.
4. Антивирус бағдарламаларын пайдалану.
5. Жеке ақпаратты бөгде сайттарға және қосымшаларға сенбеу.
6. Аккаунттар үшін екі факторлы аутентификацияны пайдалану.
7. Әлеуметтік желілердегі құпиялылық параметрлерін тексеру.
8. 1414-тен келген кодтарды үшінші тұлғаларға бермеу.
9. Банктік реквизиттерді үшінші тұлғаларға хабарламау.