00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Қазфосфат» ЖШС-ның 8 млн теңге монополиялық кірісі тәркіленді

«Қазфосфат» ЖШС-ның 8 млн теңге монополиялық кірісі тәркіленді
Фото; Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазфосфат» ЖШС-не қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.

Кәсіпорынның қызметін талдау барысында сұйық оттегінің монополиялық жоғары бағасын белгілеуге байланысты монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды. Бұл факт бәсекелестік нарық негіздерін бұзу болып саналып, Қазақстан Республикасы тұтынушыларының мүдделеріне қайшы келеді.

«Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «Қазфосфат» ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорынға 1 203 300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды және 8 344 170 теңге сомасына монополиялық кіріс тәркіленді», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сот шешімі заңды күшіне еніп, айыппұл толық көлемде төленді.