00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Қазақстан құстары. Далалық анықтағыш» кітабының таныстырылымы өтті

12 маусым, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
«Қазақстан құстары. Далалық анықтағыш» кітабының таныстырылымы өтті
фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақ тілінде Қазақстан құстары туралы толыққанды далалық анықтағыш жарыққа шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл кітап орысша «Полевой определитель птиц Казахстана» еңбегінен қазақшаға аударылған. Мұнда елімізді мекендейтін құстардың 516 түрі туралы дерек жазылған.

Бұл кітап орыс тілінде 2014 жылы жарыққа шықты. Қазақстандағы құстар туралы бірінші толық анықтағыш кез келген жыл маусымында еліміздің кең байтақ аумағында кездесетін құстар жайында деректер енгізілген. Кітап белгілі орнитолог В.К.Рябицев түсірген суреттермен, сирек құстардың фотоларымен және олардың ел аумағында таралу сызба-картасымен безендірілген. Еңбек құстарға қызығатын барша жанға пайдалы болады, - деді кітап авторларының бірі Виктория Ковшарь.

Астанада өткен кітаптың  таныстырылымына Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов, кітап авторларының бірі, кәсіпқой орнитолог Виктория Ковшарь, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич және т.б қатысты.

Адамзат тарихында құстардың алатын орны ерекше. Құстар жайлы ақын-жазушылар еңбектер жазды. Ақын Есенғали Раушановтың құстар жайлы көптеген шығармасы бар. Құстар әлемі  жайлы  анықтама шыққанына өте қуаныштымын. Мұндай еңбекті кітап етіп жарыққа шығару - оңай іс емес. Сондықтан кітаптың шығуына атсалысқан шығармашылық ұжымға құрмет білдіруіміз қажет. Кітаптың бүгінгі тұсаукесері құтты болсын. Оқырманы көп болсын. Құстың қадірін білген бала ұлттың қадірін біледі, - деді Жанарбек Әшімжанов.

Анықтағышты қазақ тіліне белгілі кәсіби зоолог Бірлікбай Есжанов және Қылышбек Мұсабеков аударды.

Салтанатты іс-шарадан соң қонақтар «Қазақстан құстары» атты фотокөрмені тамашалады. Мұнда кәсіпқой фотографтардың үздік жұмыстары көрсетілген. Келушілер фаунаның сұлулығын бейнелейтін суреттерді көріп, биоәртүрлілікті сақтаудың маңыздылығы туралы біле алады.