00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру жолдары талқыланды

Қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру жолдары талқыланды
Бактыгуль Бурбаева

Мәдениет және ақпарат министрлігінде қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, қайырымдылық мекемелері мен ұйымдарының және басқа да өкілдер қатысты. Қатысушылар қайырымдылық қызметті дамытудың және қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың мүдделерін қорғаудың жаңа тетіктерін талқылады.

«Біздің міндетіміз – қайырымдылық қызметті дамыту және қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың мүдделерін қорғаудың тиімді тетіктерін құру», – деп атап өтті Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова.

Жұмыс тобының қатысушылары мемлекеттік органдар мен қайырымдылық қоғамдастықтың бірлескен жұмысы жемісті нәтижелер әкелетінін және Қазақстанда қайырымдылықтың дамуына ықпал ететін заңнамаға елеулі және сапалы өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретінін сөз етті.