00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Көлікті қайта рәсімдеуге көмектесемін»: Елордалық тұрғынды алдаған күдікті ұсталды

«Көлікті қайта рәсімдеуге көмектесемін»: Елордалық тұрғынды алдаған күдікті ұсталды
Оңалхан Өнерхан

Елордада полиция қызметкерлері көлік алаяқтығына қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Есіл ауданының полиция басқармасына елорда тұрғыны жүгінген болатын, ол белгілі бір ер адам автокөлікті есепке қоюға көмектесуге уәде беріп, оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденгенін хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, ол сату туралы хабарландыруды «Колеса КЗ» қосымшасына орналастырған, содан кейін оған ер адам қоңырау шалып, көлікті сатып алу және тексеру сылтауымен кездесуге келіскен.

Келіссөздер барысында «сатып алушы» жарты миллион теңгеге автокөлікті қайта ресімдеуге көмектесемін деген. Кепіл ретінде жәбірленуші алаяққа 215 мың теңге аударған. Алайда алаяқ уәделерін орындамаған және байланысқа шығуды тоқтатқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмау үшін барлық қызметті мемлекеттік органдардан алу қажет екенін ескертеді.