Көкшетау қаласында бірнеше көшенің атаулары өзгереді
Көкшетау қаласының бірқатар көшесіне қазақша атаулар беріледі, деп хабарлады Elorda.info
Бұл туралы Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған Ақмола облысы әкімінің қаулысында көрсетілген.
Қоғамдық талқылауға ұсынылған қаулы жобасында, қаладағы «Парк борцам за революцию» саябағын «Алаш арыстары» саябағына; Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы жағалау атауын Кәкімбек Салықов атындағы жағалауға; 2 горная көшесін Таңсамал көшесі; Алма-Атинская көшесі (Транскрипциясын нақтылау мақсатында ) Алматы көшесіне; Дмитриев көшесін Күйші Дәулеткерей көшесіне; Кирветка көшесін Керуен көшесіне; Космонавтар көшесін Ғарышкерлер көшесіне; Никитин көшесін Ботай көшесіне; Шучинская көшесін Байқоныс көшесіне ауыстырылатындығы айтылған.
Құжат 4 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.