ҰҚК есірткі контрабандасының жолын кесті
26 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан-Ресей шекарасынан өтпекші болған жүк автокөлігінде халық тұтынатын тауарларға жасырылған шамамен 100 келі есірткі заты табылып, алынды. Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді, - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар