ҰҚК Алматы облысында тағы бір есірткі зертханасын анықтады
фото: ҚР ҰҚК
Алматы облысында астыртын зертханадан 15 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдікті психотроптық заттарды дайындау барысында қолға түскен.
Тінту барысында 15 келіден аса «альфа-PVP» есірткі құралы мен кристалдану сатысындағы осы заттың 70 литрі, сондай-ақ 200 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:39
«Құдіретті сауыт»: Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін фильмнің режиссерін бекітті
Бүгін, 13:43
Қоймаларда 570 мың тонна көмір жинақталды - ҚТЖ
21 қазан, 2025
Бибігүл Жексенбай: Әскердегі тәртіп – ел қауіпсіздігінің негізі
21 қазан, 2025
Есіл өзеніне 600 мыңнан астам сазан мен ақ амур шабақтары жіберілді
