00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Instagram арқылы заңсыз лотерея ұйымдастыру фактісі анықталды

Instagram арқылы заңсыз лотерея ұйымдастыру фактісі анықталды
Оңалхан Өнерхан

Шымкентте Instagram әлеуметтік желісі арқылы заңсыз лотерея ұйымдастыру фактісі анықталды, деп хабарлады Elorda.info Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

 

Қала тұрғыны «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңның талаптарын бұза отырып, тиісті лицензиясыз, заңсыз пайда табу мақсатында 2 аккаунттан тікелей эфирде «ЛОТО» ойнатқаны анықталды. Лотерея ұтысы ретінде «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы автокөлігі, Samsung, IPhone, Redmi смартфондары, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық техника қойылды. Аталған заттар тәркіленіп, заттай дәлелдемелер деп танылды, - деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Сонымен қатар, ол лотерея билеттерін сату бойынша жарнама жасаған.

 1 данасын – 5000 теңгеге, 3 дана – 10 000 теңге, 6 дана – 20 000 теңге, 12 дана – 40 000 теңге, 30 дана – 100 000 теңге. Сатылған билеттерден түскен қаражатты өзінің карт-шотына және туыстарының шоттарына жинаған. 2023 жылғы 10 қыркүйектен 29 қарашаға дейін сатылған билеттерден түскен қаражаттың жалпы сомасы 96 млн теңгеден асты. Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, - деді Ә.Әбділов.

Сот үкімі бойынша алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне тәркіленді.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі, - деді ресми өкіл.