ҚХА өкілі: Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын
28 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл күн еліміздің түкпір-түкпірінде ерекше сән-салтанатымен аталып өтіледі. Бірлік күнін Қазақстан халқы асыға күтеді. Мереке қарсаңында «Жайхун» қарақалпақ этномәдени орталығының Астанадағы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тазабике Салиева тілегін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстандықтарды келе жатқан 1 мамыр - Бірлік күнімен құттықтаймын. Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді емес пе? Бұл күн Қазақстан халқын бірлік пен ынтымаққа шақырады. «Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір» елдің шаңырағында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бұл – біз үшін үлкен бақыт. Бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді Тазабике Салиева.
Ұқсас жаңалықтар