Елордалық полицейлер танысының үйінен ұрлық жасаған әйелді анықтады
19 тамыз, 2024


Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы әйелді анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жәбірленуші әйелмен үйдің ауласында кездейсоқ танысқан. Әңгіме барысында жәбірленуші әйелді үйіне шақырып, бірге шай ішуді ұсынған. Пәтер иесінің басқа бөлмеге кеткен сәтін пайдаланған күдікті үйден сөмке мен Infinix телефонын алып, ізін суытқан. Келтірілген материалдық шығын 205 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, әйелдің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар

12 шілде, 2025
Ұлттық ұланның 450 сарбазы салтанатты түрде әскери ант қабылдады

11 шілде, 2025
Елде халықаралық жүргізуші куәліктері берілмейді

11 шілде, 2025
Биыл 30 жас қазақстандыққа «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталады

11 шілде, 2025
Ұлттық ұлан қызметшілері жарты жылда 10 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстады