00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылайтын Бірыңғай цифрлық платформа енгізіледі

9 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Елімізде жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылайтын Бірыңғай цифрлық платформа енгізіледі
коллаж Еlordaqparat

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» автоматтандырылған бақылау жүйелерін енгізіп жатыр. Мәселен, сынақ жабдықтарынан алынған деректер тікелей «ҚазРоудЛаб» бірыңғай цифрлық платформасына жіберіледі. Қазіргі таңда жүйе 4 өңірде жұмыс істейді, оны 2025 жылы толық енгізу жоспарланған.

Сонымен қатар материалдардың сынамаларын штрих-кодтау әдісі енгізілді, бұл сынама алынған сәттен бастап белгілі бір объектіге тіркеместен, сынақ нәтижелерін алуға дейін бүкіл процесті бақылауға мүмкіндік береді.

«Автожолдарды орташа жөндеу жұмыстарын бақылау процесін күшейту мақсатында атқарушылық құжаттаманы жүргізудің электрондық жүйесі әзірленуде. Е-құрылыс жүйесімен ұқсастығы бар бұл жүйе барлық атқарушылық құжаттаманы және материалдарды сынау хаттамаларын бірыңғай орталықта сақтауға мүмкіндік береді. Жүйенің маңызды ерекшелігі – барлық талап етілетін рәсімдерді сақтамай орындалған жұмыстар актілеріне қол қойылмауында», — деді Үкімет отырысында Орталықтың бас директоры Болатбек Айтбаев.