00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жүк көлігі жүргізушілеріне шамамен 100 млн теңге айыппұл салынды

Жүк көлігі жүргізушілеріне шамамен 100 млн теңге айыппұл салынды
фото: Оңалхан Өнерхан

Еліміз бойынша Көлік министрлігінің бастамасымен «Назар аударыңыз, ауыр салмақты автокөлік» рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк тасымалдауы бойынша айыппұлдардың басым бөлігі Маңғыстау, Ақтөбе және Жетісу облыстарында тіркелді.

Осылайша 293 бұзушылық анықталды. Аталған рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде шамамен 100 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша барлығы 450 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген, оның ішінде 60 мыңнан астамы самосвалдар. Естеріңізге сала кетейік, ауыр жүк көліктеріне инертті материалдарды тасымалдауға рұқсат етілген норма 25 тоннаны құрайды.