Елімізде 8 жаңа мереке күндері пайда болуы мүмкін
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді жоспарлап отыр. Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына айтулы күндермен толықтыру көзделеді:
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;
- Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
- Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;
- Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
- Жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан;
- Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.
Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастама жасады.