00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде электромобильдер саны артты

23 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде электромобильдер саны артты
фото: Оңалхан Өнерхан

Елімізде электр қуатымен жүретін көліктер саны 13,5 есеге өсті, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Оның ішінде электр қуатымен жүретін жеңіл автокөліктер саны 16,7 есеге, 443-тен 7383 бірлікке дейін өсті (2023 жылғы 1 желтоқсанды 2022 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда).

Электромобильдердің ең көп саны Алматы қаласында – 4315 бірлік, Астанада – 945 бірлік және Алматы облысында 354 бірлік тіркелген. Ең аз электромобильдер саны Абай ауданында. Онда бар болғаны 14 электромобиль бар.

Сонымен қатар, электр қуатымен жүретін жүк көліктерінің саны 2 есеге, 127 бірліктен 262 бірлікке дейін өсті. Жоғарыда аталған көліктердің негізгі саны Алматы қаласында (94 бірлік) және Алматы облысында (17 бірлік) жүреді.

2023 жылдың 1 желтоқсанына электр қозғалтқышында 35 автобус тіркелген, олар негізінен Астана (21 бірлік) және Алматы (11 бірлік) қалаларында.