00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде 2 мыңнан аса адам іздеуде жүр

12 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 2 мыңнан аса адам іздеуде жүр
фото: Elordainfo

Қазіргі таңда ел бойынша жалпы 10 748 адам іздестіріліп жатыр. Олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар, деп хабарлады Elorda.info  Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

–Алматы қаласы - 287;

–Қарағанды облысы-221;

–Павлодар облысы-170;

–Алматы облысы - 167 тіркелген.

Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%). 

–Үйден кетіп, оралмаған - 1 634 адам, 

–автокөлікпен жоғалған – 74, 

–жұмыстан кеткен-36.

Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестіріліп жатыр.

Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:

–Алматы қаласында (514)

–Астана қаласында (185)

–Шымкент қаласында (155)

–Алматы (143) 

–Қарағанды (140) облыстарында іздестірілуде.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асырады.