Елде су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары әзірленді
19 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат
Фото: freepik
Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі, деп хабарлады Elorda.info.
Кешенді жоспарды іске асыру аясында ел аумағында жаңадан 20 су қоймасын салу, қолданыстағы 15 су қоймасын және 14 мың шақырымнан астам суару жүйесін реконструкциялау жоспарланып отыр.
Құжатта қарастырылған осы және өзге де іс-шаралардың нәтижесінде министрлік тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, еліміздегі су қорын арттырып, суармалы жерлердің ауданын ұлғайтуға және су шығынын азайтуға ниетті.
Ұқсас жаңалықтар