00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Демалыс күндері ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі

Демалыс күндері ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі
фото: Оңалхан Өнерхан

Маусымның 8-і мен 10 аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынып, ауа температурасы +35+42°С болады, деп хабарлады Elorda.info «Казгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде Мәскеу аумағынан келетін циклонның ықпалымен күн құбылып тұрады. Тағы бір аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. Мысалы елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады, күн күркіреп, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Соған қарамастан Жерорта теңізі аумағынан жылы ауа келіп, көптеген өңірлерде ауа температурасы +27+35°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +35+42°С-қа дейін ысиды,-делінген хабарламада.