00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Былтыр жол апатынан 2,5 мыңнан астам адам көз жұмған

13 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Былтыр жол апатынан 2,5 мыңнан астам адам көз жұмған
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Былтыр еліміздің жолдарында 2,5 мыңнан астам адам қаза тауып, 20 мыңға жуық адам жарақат алды. Бұл – алаңдатарлық мәселе. Жолдағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ жол апатының алдын алу бойынша шаралар белсенді түрде жүргізілуде. Оның ішінде республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.Акцияны өткізуге 9,5 мың полиция қызметкері, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың мыңға жуық өкілі жұмылдырылды, - деді спикер.

Сондай-ақ оның айтуынша, жол ережелерін бұзғаны үшін 360 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Патрульдік машиналарда орнатылған автоматтандырылған бақылау құралдарымен жылдамдық режимінен асып кетудің 87 мыңнан астам фактісі анықталды. 9 мыңнан астам көлік айыптұрағына  қойылды, - деді ресми өкіл.