«Бурабай» ұлттық табиғи паркінде көкқұтан фототұзаққа түсіп қалды

Бүгін, 09:22
Айман Нығмет Айман Нығмет
views58
«Бурабай» ұлттық табиғи паркінде көкқұтан фототұзаққа түсіп қалды
фото: instagram.com/parkburabay

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде су экожүйелерінің ең танымал құстарының бірі – көкқұтан фототұзаққа ілікті, деп хабарлады Elordainfo.kz  Ұлттық парктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ірі құстар парктегі көлдердің жанында кездесіп, аумақтың бай биоалуантүрлілігін растайды.

Көкқұтанның бойы бір метрге дейін жетеді, ал қанатының құлашы 1,7 метрге дейін барады. Бұл түрдің айрықша белгілері – ұзын мойын, үшкір тұмсық және ақ пен қара түсті ұсақ дақтары бар ұстамды сұр қауырсындары.

«Бұл құс су айдындарының маңында мекендеп, балық, қосмекенділер, ұсақ кеміргіштер мен жәндіктермен қоректенеді. Ол су экожүйелерінің «визиттік карточкасы», таза әрі қорғалған су айдындарының символы болып саналады»,- делінген хабарламада.

«Бурабай» МҰТП аумағында 221 құс түрі, 48 жануар түрі, 179 жәндік түрі, 4 бауырымен жорғалаушылар түрі және 2 қосмекенділер түрі мекендейді.